Өрт сөндірушілердің арасында кроссфит өтті

Өрт сөндіру кроссфиті – бұл шыдамдылық пен күшке арналған, негізінде аэробты, гимнастикалық және ауыр атлетика жаттығуларынан тұратын бағдарлама. Салмағы 10 кг болатын арнайы киімді, сондай-ақ 10,5 кг құралған газ-түтіннен қорғау аппаратын киіп орындалатын бұл жаттығулар нағыз батыл жандардың ғана қолынан келетін шаруа. Ал өрт сөндірушілер осы қалыпта қауіпті қызметтерін күнделікті атқаруда.
Осы орайда, Шымкент қаласындағы өрт сөндіру бөлімдерінің арасында физикалық дайындықтары мен шыдамдылықтары бар мықтыларды анықтау үшін көп сайысты күш сынасудан (кроссфит) жарыс өткізілді.
Бұл сайыста өрт сөндірушілер зіл темірді көтеру, доңғалақтарды көтеру, жылжыту, түтікқұбырды сегіздік әдісімен жинау, турникке тартыну, бойынша күш сынасты. Тартысты бәсекеде мықтылар анықталып, нәтижесінде жүлделі 1-орынға №2 өрт сөндіру бөлімі, 2-орынға №5 өрт сөндіру бөлімі, 3-орынға мамандандырылған жасақ ие болды.
Күш пен төзімділікке негізделген бұл сайыста өрт сөндірушілеріміз бірінен бірі артық түсті десекте болады.
«Dur plaza» сауда үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Шымкенттік өрт сөндірушілер «DUR PLAZA» сауда үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Жаттығудың мақсаты жеке құрамның адамдар көптеп жиналатын нысандарда өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау, олардың нысан қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқару жұмыстарын жетілдіру. Жаттығуға 12 техника, 75 адам қатысты. Жаттығу барысында адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару, құтқару, өрттерді сөндіру жұмыстары жүргізілді. Жаттығуға «Айғақ», «Отырар» және «ХанТВ» телеарналары ақпараттық сүйемелдеу жасады.
Гаражда журналистерді өрт сөндірушілер шығатын техникамен таныстырылды. Бұл автоцистерналар, автосатылар, газ-түтіннен қорғау қызметінің автокөлігі және басқа да техника түрлері. Олардың әрқайсысы туралы журналистерге өрт сөндірушілер туралы жалған ақпаратты жою үшін бірнеше маңызды түсініктеме берілді. Сонымен, олар ешқашан сусыз келмейді, ал бір цистернадағы су бес минуттық күшпен жұмыс істеуге жетеді, сондықтан мүмкіндік бар жерде машина суды үздіксіз беру үшін гидрантқа орнатылады. Өрт сөндірушілерде шлангілер жоқ — жеңдік немесе магистральдық желі салынатын жеңдер бар.



