Новости

Шымкент полицейлері бірнеше сағатта 50-ден астам есірткі жарнамасын жойды

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлықпен күрес жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

Мәселен, өткен аптада есірткімен күресушілер Жастар ресурстық орталығының, «Жастар Рухы» Жастар қанатының және Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес мүшелерімен бірлесіп «Есірткіге жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды.

Шара барысында қаламыздың Әл-Фараби және Абай аудандарында бірнеше сағат ішінде 50-ден аса граффити боялып, есірткі жарнамалары жойылды.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары жастарды есірткіден аулақ болуға шақырады. Сондай-ақ, есірткімен байланысты кез-келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін қатаң ескертеді.

Темекі, арақ, есірткінің адам денсаулығына қаншалықты зиян екендігін білеміз. Сондай-ақ, көптеген аурулардың асқынып, түрлі қылмыстардың дені осыларды қолдану салдарынан болатынынан да құлағдармыз. Сол себепті маман иелері жастармен жиі кездесу өткізіп, кеңескені дұрыс.

Нашақорлық – тұңғиық түбі, адамды елікті ретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлап, күн сайын тамырын тереңге жайып, асқынып бара жатқан нашақорлықтың мұншалықты етек алуы неден деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Менің ойымша, оның басты себебі- еліктеушілік, отбасындағы тәрбиенің тізгіннен кетуі, немесе жанкүйзелісі, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық болуы да мүмкін. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әртүрлі. Біріншіден, олар өз- өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады.

Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды еш уақытта татып көрмеу. Дана халқымызда: «Аллам сақтанғанды сақтайды» дейді. Сондықтан жаман әдет, жат қылықтан аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн болар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button