Новости

Тәртіп сақшылары тұрғындарды жол үстінде барынша мұқият болуға және ережені қатаң сақтауға шақырады

Шымкентте төрт тәулік ішінде 70-тен астам автокөлік айып тұраққа қойылды

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер қала көшелерінде орын алған 4475 жол ережесін бұзу жайттарын анықтады.

Оның ішінде, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін -758 тұлға, тізгінде отырып ұялы телефон қолданғаны үшін — 256 азамат және жол жүрісі қағидаларын бұзған -770 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, мас күйде көлік басқарған 14 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен жауапкершілікке тартылса, тағы 74 автокөлік айып тұраққа қамалды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды жол үстінде барынша мұқият болуға және ережені қатаң сақтауға шақырады. Өйткені, жол қателікті кешірмейді.

Шымкентте «Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші» қосымшасының көмегімен 3000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Жыл басынан бері Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Қорғау» қосымшасының көмегімен 2867 қауіпті жүргізушіні анықтады. Оның ішінде 62-сі бұрын автокөлікті басқару құқығынан айырылған, 555-і мас күйде көлік жүргізген, тағы 31-і жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан.

Мәселен, жақында ЖБО-ның бақылаушы инспекторлары мегаполис көшелерінің біріне мониторингжүргізу кезінде 2030 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған тұлғаны ұстады. Бұл туралы олар патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлады. Өз кезегінде құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, көлікті айып тұраққа қамады.

Сондай-ақ, сот орындаушыларымен бірлесіп арнайы рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 3 млрд теңгеден астам қарызы бар 2135 автокөлік жүргізушісі ұсталды.

Айта кетейік, Шымкентте ЖКО салдарынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды. Сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысты. Салдарынан 28 жастағы мотоцикл тізгіндеушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайтты Шымкент ҚПД Анықтау басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ тіркеді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button