Құтқарушылар әжеге көмекке келді

Шымкент қаласы ТЖД «112» құтқару қызметіне сағат 17.17-де есікті ашып беру хабарлама келіп түсті.
Хабарламада 3 шағын ауданындағы 13 көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде есік ашылмай жатқаны туралы айтылған.
Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі сатыны қолданып, пәтерге терезеден кірген. Есікті іштен ашып берді. Пәтердің ішінде еденге құлаған қар әжені құтқарушылар төсегіне жатқызды. Хал-жағдайын сұрастыра келе, медициналық көмек керек еместігі анықталды. Оқиға орнына келген туыстарына тапсырылды.
Осы төтенше жағдайды жою, адам өмірін құтқару үшін хабарлама түсе сала оқиға орнына асығатын өрт сөндірушілер жолда талай кедергілерге жолығатыны рас. Кептеліс, жол бермеу, тіпті өкінішке жол-көлік оқиғалары да болып жатады.
Осындай жағдайдың бірі Шымкентте орын алған болатын. Алапат өрт орын алды деген хабарламаны ала сала жолға шыққан өрт сөндіру техникасы қаламыздың көшелерінің бірінде жеке автокөлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Осы орайда өрт сөндіру бөлімдерінде арнайы мамандардың қатысуымен сабақтар, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ: №1 маманданыдырылған өрт сөндіру бөлімінде Полиция департаменті Абай ауданы ПБ полиция лейтананты Ә.Әбдраймның, мамандандырылған жасақта Абай ауданы ПБ полиция майоры Б. Князов және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің заңгері бас маман Р. Кадиевтің, сондай-ақ Тұран ауданы ПБ полиция аға лейтенанты Д.Нұрбектің қатысуымен кездесулер өткізілді. Іс-шара барысында жолда жүру ережелері ескертіліп, заң талаптары, түсіндірілді. Сондай-ақ ҚР ТЖМ келген бірқатар шолулар, оның ішінде еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі бойынша кемшіліктер бойынша шолулар таныстырылып, талқыланды. Заң талаптарын және еңбек қауіпсіздік ережелерін, әсіресе жолда жүру ережерін қатаң сақтау керектігі ескертілді.
Мұндай іс-шаралар жеке құрамға заң талаптарын жете жеткізіп, түсіндіруге мүмкіндік береді. Ал біз өз кезегімізде автокөлік жүргізушілерінен адам өмірі мен материалдық құндылықтарын төтенше жағдайдан құтқару үшін асығып бара жатқан өрт сөндіру техникасына жол беруілеріңізді сұранамыз! Әр секунд санаулы! Өрт сөндірушілер үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға үлгеруі керек!



