Новости

«Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы көрерменді терең ойға жетеледі

Семей қаласы Абай атындағы театр сахнасында қазақ руханияты үшін ерекше мәнге ие шығармашылық оқиға Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахмардан Әбіловтің «Ой толғау – Хәкім Абай» атты монооперасы сахналанды.

Бұл туынды – Абайдың рухани-философиялық әлеміне музыкалық тіл арқылы терең бойлаған бірегей сахналық шығарма. Моноопера жанрында қойылған бұл кеште ұлы ақынның болмысы мен толғаныстары жалғыз вокалисттің орындауында көркем өрнектелді. Әуен мен поэтикалық драматургия үндесіп, көрермен жүрегіне Абайдың гуманистік идеяларын, терең пайымын жеткізе білді.

Кеш көрермендерді ойға жетелеп, ұлттық өнер мен әдебиеттің тоғысқан тұстарын жаңаша қырынан танытты. Моноопера жанрын дамыту, жас өнерпаздарды шығармашылыққа ынталандыру тұрғысынан да маңызы зор шара болды.

Абай мұрасын жаңаша сипатта жеткізуге бағытталған бұл кеш – қазақ классикалық музыкасы мен драматургиясының жаңа серпіні.

Басқа жаңалықтар

Back to top button