Новости

Абай рухына тағзым – Семейдегі сән кештері жаңа белеске көтерілді

 

2025 жылғы 5-6-7 тамыз аралығында Семей қаласының жүрегінде орналасқан «Тайқазан» мейрамханасында ерекше мәдени оқиға – Халықаралық мәдени-шығармашылық сән көрсетілімі өтті. Бұл іс-шара ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылып, қазақтың рухани байлығы мен заманауи сән өнерін тоғыстырды.

Әр күнге жоспарланған тақырыптық кештер көрермендерді терең мазмұнмен және эстетикалық көріністермен баурады:

5 тамыз – «Абай – шабыт көзі»
Бұл кеште XIX ғасыр стиліндегі ұлттық киімдер сахнаға шықты. Поэзия мен күйдің үйлесімінде ұсынылған сән үлгілері көрерменге рухани тереңдік пен ұлттық мұраның көркем келбетін сездірді.
6 тамыз – «Қазақи стиль – заманауи үлгіде»
Урбанистикалық элементтер мен этно-мотивтер тоғысқан заманауи киімдер көпшілікті таң қалдырды. Ұлттық өрнектермен безендірілген сән үлгілері қазіргі заманғы қазақ жастарының болмысына жаңа тыныс берді.
7 тамыз – «Мұра – болашаққа жол»
Жас дизайнерлер экологиялық және инновациялық материалдарды пайдалана отырып, ерекше сән топтамаларын ұсынды. Бұл кеш шығармашылық еркіндік пен ұлттық стильдің болашақпен үндесуін көрсетті.

Бұл сән көрсетілімі ұлттық болмысты жаңаша қырынан танытқан, мәдени мұра мен қазіргі трендтерді шебер үйлестірген айтулы шара болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button