Новости
Семейдегі этностиль көрмесі: Ұлттық өнердің жаңғыру сәті

Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен Халықаралық мәдени-шығармашылық сән көрсетілімі аясында күндізгі уақытта ұлттық қолөнер мен этностильдегі киімдердің көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл көрме – қазақ халқының бай мәдениетін, шеберлік дәстүрін және заманауи дизайнерлердің тың шешімдерін тоғыстырған бірегей алаң болды. Сағат 11:00-де ашылған көрме үш күн бойы келушілерге ұлттық нақыштағы бұйымдарды, заманауи этно-дизайн киімдерін және экологиялық таза материалдардан жасалған өнімдерді тамашалауға мүмкіндік берді.
Көрмеге келген қонақтар бұйымдарды тамашалап қана қоймай, қолөнер шеберлерімен еркін тілдесіп, мәдениет пен шығармашылық жайлы пікір алмасты.