ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытында көшпелі отырыс өткізді. Жиында тұрақтылықты сақтау, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды.
Жиын барысында Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, халықпен тығыз байланыс орнату және көтерілген мәселелерді дер кезінде назарға алып, заң аясында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру керектігін атап өтті.
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жұмашбеков пен Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов баяндама жасады.
Жиынды қорытындылай келе облыс әкімінің орынбасары алда тұрған бірқатар міндеттерді атап өтіп, ел бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі