Новости

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

Бүгін, 27 тамыз күні, сағат 15:00-де Ұлытау облысының “Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ алаңында «Ұлытау облысында азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша өткізілетін іс-шаралар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясының спикері – Ұлытау облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма бастығы Өткелбаев Ербол Серікұлы.

Спикер өз сөзінде күзгі шақырылым науқанының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 18-27 жас аралығындағы, әскери қызметке жарамды азаматтар ҚР Қарулы Күштері, Ұлттық Ұлан, Шекара қызметі мен басқа да әскери құрылымдар қатарына шақырылатын болады.

Өткелбаев Ербол Серікұлының айтуынша, Ұлытау облысында күзгі шақырылым жұмыстары жоспарға сай, ұйымдасқан түрде жүргізіледі. Әскерге шақырылушылардың денсаулығы, моральдық-психологиялық дайындығы, білім деңгейі мен тәртібі – басты назарда.

“Мемлекеттік маңызы зор бұл науқан қоғаммен тығыз байланыста, ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттыру – біздің басты мақсатымыз”, – деді Ербол Серікұлы.

Баспасөз конференциясы аясында БАҚ өкілдері мен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сонымен қатар, шақырылушылар мен олардың ата-аналарына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасатыны атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button