BasNewsРегионы

Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды.

— Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы қажет. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде танытамыз десек жұмысты жаңа тәсілмен жүргізу керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button