BasNewsРегионы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

Жолдау жасанды интеллект және цифрлық даму, инвестиция тарту, туризмді дамыту, су және инфрақұрылым, спорт және тағы басқа салаларды қамтып отыр.

Жолдауда көтерілген бұл мәселелердің барлығы қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Президент дүние жүзі түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығын айтты.

Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту, ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті қабылдап, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажеттілігіне тоқталды.

Осы ретте, Мемлекет Басшысы Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды.

Ия, қазіргі уақытта цифрландыру саласын дамыту – заман талабы. Сондықтан, бұл бағытқа мемлекетіміз стра¬те¬гиялық басымдық беріп отыр. Өйткені, бәсекеге қабілетті ел ретінде даму үшін, заман ағымына сай жұмысымызды да жаңаша тәсілмен жүргізу маңызды екені сөзсіз.

Сондай-ақ, Президент елімізге инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғыртып, әсіресе өңдеу саласына көбірек қаражат тарту қажеттілігіне тоқталды.

Инвестиция тарту қашан да маңызды мәселе. Сондықтан, инвестициялар тарту ісінде белсенді түрде әрекет етіп, инвесторлар үшін неғұрлым оңтайлы жағдайлар жасауға әрдайым ұмтыла беруіміз керек деп ойлаймын. Елімізге инвестиция көп тартылатын болса, соғұрлым экономикамыз дамитынын естен шығармауымыз керек.

Жалпы, Президент Жолдауда халықтың көкейінде жүрген, еліміздің жаңаша, тұрақты дамуына бағытталған мәселелерді көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ядролық энергетиканы дамыту, геологиялық барлау жұмыстарын күшейту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, агрохабтар мен логистика орталықтарын дамыту, автокөлікпен жүк тасымалдауға арналған шекара маңындағы қызмет сапасын жақсарту, туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, су үнемдейтін технологияны енгізу – осылардың барлығы тұрақты дамудың негізі факторы екенін атап өтті.

Жолдауда айтылған жұмыстарды еңсеру арқылы мемлекетіміз өз дамудың жаңа деңгейіне көтерілетіні сөзсіз.

Сондықтан, баршамыз Президентіміздің бастамаларын қолдап, бірлігіміз бен ынтымағымызды бекемдеп, жұмыла жұмыс істесек алға қойған мерейлі мақсаттарға қол жеткізетініміз анық.

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button