Новости

Жастар арасында Отанға деген сүйіспеншілікті, әскери борышқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру Отан алдындағы борышын өтеуге жіберіліп жатқан азаматтарға құрмет білдіру мақсатында «Біртұтас ел-біртұтас жер» тақырыбында мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шара Ұлытауоблысының қоғамдық даму басқармасы, облыстық Қорғаныс істері департаменті және «TURAQTY DAMU» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен іске асты.

Ұлытау бойынша күзгі әскери маусымға шақыру науқанына 300 жас мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланды. Қазіргі таңда 46 жас сарбаз әскер қатарына шақыртылды.

9 қазан күні Ұлытау облысының 20 сарбаз Талдықорған қаласында орналасқан Десанттық шабуылдар әскерлері №18404 әскери бөліміне, 5 сарбаз Астана қаласындағы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі №0112 бөліміне аттанды.

Іс-шараға Ұлытау облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасыбасшысының міндетін атқарушы Далабаев Қайрат Нариманұлы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігінің «Ұлытау облысы Қорғаныс істер департаменті» басшысы, подполковник Жұманов Ержан Нұртөлеуұлы, ардагерлер, әскер қатарына алынатын 25 жас сарбаз және олардың ата-аналары, қорғаныс істері департаментінің жеке құрамы қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button