Новости

ШАРДАРА: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Армрестлингтен Әлем кубогының иегері, бірнеше мәрте Азия және Қазақстан чемпионы, халықаралық додаларда еліміздің атын әлемге танытып жүрген “Шардара Армспорт” клубының спортшысы Самат Мұқасанға жаңа пәтердің кілті табысталды.

 

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев чемпион спортшыға төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстап, оның ел спортына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

“Самат Мұқасан – спорттағы табандылық пен мақсаткерліктің, елге деген адалдық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Осындай жастарымыздың арқасында Шардараның ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройы асқақтап келеді. Бұл сый – оның еңбегіне берілген лайықты баға әрі жастарға үлгі болары сөссіз”, – деді аудан басшысы.

 

Чемпионға табысталған жаңа баспана – оның қажырлы еңбегінің жемісі ғана емес, болашақ спорт шеберлері үшін шабыт пен сенімнің белгісі.

 

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button