Новости

Жезқазғанда Төтенше жағдайлар қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті

Республика күніне орай Жезқазған қаласы әкімдігі Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Іс-шара барысында қоғам қауіпсіздігі жолында тынымсыз еңбек етіп, адам өмірін қорғауда батылдық пен жанқиярлық танытып жүрген қызметкерлердің еңбегі ерекше атап өтілді.

Қала әкімі құтқарушыларға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстап, олардың қоғам алдындағы жауапты қызметін жоғары бағалады.

Жиын соңында қатысушыларға ізгі тілектер айтылып, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің адал еңбегі мен ерлігі үшін алғыс білдірілді.

Ел игілігі мен халық қауіпсіздігі жолында абыроймен еңбек етіп жүрген барша құтқарушыларға мықты денсаулық, отбасылық бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button