Новости

Жезқазғанда Рухани келісім күніне арналған «Достық қолын ұсын» қалалық сурет байқауы өтті

Жезқазған қаласында Рухани келісім күніне орай «Достық қолын ұсын» атты қалалық сурет байқауы өтті. Іс-шара Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Ұлытау жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақ арасында бейбітшілік, достық және өзара түсіністік құндылықтарын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың көркемдік талғамын арттыру болды.

Байқауға қала мектептерінен 83 оқушы қатысып, өз туындылары арқылы татулық пен бірліктің маңызын бейнеледі. Қатысушылар акварель, қарындаш, фломастер секілді түрлі бояу техникасын қолданып, өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізе білді.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Бедина Софья
2 орын – Жамекенова Алия
3 орын – Ибнимақсұт Нұрай

Барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталып, естелік сыйлықтар берілді.

Бұл байқау балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, достық пен келісім идеяларын дәріптеудің тиімді алаңына айналды. Жас суретшілердің еңбектері қаланың рухани өміріне жаңа серпін берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button