Новости
Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде екі елдің тулары ілінді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу қаласы екі елдің туларымен безендірілді.
Қала орталығынан Ленин даңғылы мен «Октябрьская» метро станциясына дейінгі көшелер бойына Қазақстан мен Ресейдің тулары ілінді, — деп жазды басылым.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қараша күндері Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында ол Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.



