Новости
Ұлытау облысында ауыл шаруашылығына серпін: 13 млрд теңгеге 10 жоба жүзеге асуда

Агроөнеркәсіптік кешен – облыс экономикасын әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі. Өңірді өз өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Жезқазғанда жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы, ал Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені мен мал сою цехы іске қосылды.
Қазіргі таңда жалпы құны 13 млрд теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 8 млрд теңгеге 7 жоба биыл пайдалануға беріледі. Жобалар қатарында Жезқазғанда 5 мың бастан асатын қой фермасы, 10 мың тоннаға дейін көкөніс сақтау қоймасы, сондай-ақ 500 гектар алқапта мал азығын суару технологиясымен егу бастамалары бар.
Сонымен қатар:
•Ұлытау ауданында 400 гектар аумақта суармалы егіншілік;
•Жаңаарқа ауданында 367 гектар жерде мал азығын егуге арналған 2 жоба;
•Жаңаарқа ауданында 12 900 басқа арналған қой және 7 800 басқа арналған ірі қара мал отбасылық фермаларын құру жобалары іске асырылуда.
Нәтижесінде облыс әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өзін-өзі ішінара қамтамасыз етіп отыр, ал келесі жылы бұл тізім тауық еті мен картоппен толықпақ. Қазіргі таңда сиыр еті, бірінші сортты бидай ұны және бидай наны бойынша 100% қамтылған, ал тауық жұмыртқасымен қамтамасыз етілу деңгейі 40%-ға жетті.
Суармалы егістік алқаптары да ұлғайды: 2022 жылы болмаған бұл көрсеткіш бүгінде 1,7 мың гектарға жетіп, 2026 жылға қарай 2,5 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл 700 млн теңгеге 100 жоба қаржыландырылуда. Оның ішінде Жезқазғанда 243,5 млн теңгеге 27 жоба іске асырылуда.
Жалпы облыс құрылғаннан бері ауыл шаруашылығына 8,5 млрд теңге инвестиция тартылса, жыл басынан бері салаға 2,7 млрд теңге инвестиция құйылып, 46 пайызға өсім тіркелді.



