Новости

Ұлытау ауылдық округінде дөңгелек үстел өтті

Ұлытау ауылдық округінде «Конституциядағы өзгерістер мен қоғамдық пікір» тақырыбында сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы, қоғамдағы өзекті пікірлер және алдағы референдумның рөлі кеңінен талқыланды. Сарапшылар жаңартылған Конституцияның азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту және елдің тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық диалог алаңы қоғам мен сарапшылар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік берді.

✅ Осындай мазмұнды кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге белсенді қатысуына жол ашады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button