Конституциялық реформа: күтілетін нәтижелер

Бүгін №3 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы мектеп ұжымымен ақпараттық түсіндірме кездесуі өтті. Кездесу барысында реформаның саяси, құқықтық және білім саласына ықпалы талқыланды.
Кездесу барысында конституциялық реформаның елдегі саяси жүйені жетілдіруге және халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыруға бағытталғаны айтылды. Сондай-ақ, білім саласындағы өзгерістер мұғалімдердің құқықтары мен міндеттерін қайта қарауды, оқу орындарының тәуелсіздігін күшейтуді қамтитыны түсіндірілді. Мұғалімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оқушыларға реформаны түсіндірудің маңызы ерекше атап өтілді.
Кездесуде реформаның нәтижесінде білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер пайда болып, мұғалімдер мен оқушылардың құқықтық мәдениеті артады деп күтілетіні айтылды. Бұл қоғамдағы өзгерістерге дайын болуға және білім беру жүйесін дамытуға ықпал етеді.
@karazhal_bilimbolimi



