Новости

Астанада жастардың конституциялық жаңғыру үдерісіндегі орны талқыға салынды

Елордада Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясына қатысты «Конституциялық реформалар: студенттер, жастар, волонтерлер және ҮЕҰ өкілдерінің пікірі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жиынға үкіметтік емес ұйымдар мен түрлі жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Ата заңдағы басты өзгерістерді, азаматтық қоғам институттарының маңызын және қоғамдық-саяси әрі құқықтық реформаларға азаматтардың қатысу тетіктерін талқылады.
Әсіресе, мемлекеттік даму процесіне жас буынды кеңінен тарту мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылды. Студенттер мен белсенді жастар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту, стратегиялық құжаттарды талқылауға жұртшылықтың қызығушылығын арттыру және заң шығару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button