Новости
Бүгін Жаңаарқа ауданының белсенді жастары мен мұғалімдер арасында конституциялық реформа тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде реформаның негізгі бағыттары, еліміз үшін маңызды өзгерістер мен олардың күнделікті өмірге әсері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, сұрақтар қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, олардың құқықтары мен міндеттерін терең түсінуіне жол ашады.
Кездесу соңында өңіріміздің белсенді жастары реформаның мәнін жан-жақты түсінгендерін айтып, ашық диалог алаңының маңыздылығын ерекше атап өтті.



