Новости
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалицияның Ұлытау өңіріндегі жұмысы жалғасуда.

Бүгін коалиция мүшелері Гүлназ Омарова, Жанагүл Жанабаева және Сәкен Қайрат студент жастармен кездесті.
Жезқазған индустриалдық гуманитарлық колледжінде өткен кездесуде студенттерге жаңа Конституция жобасы жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, құжаттағы жастарға, білім мен ғылым саласына қатысты маңызды өзгерістер мен жаңашылдықтар кеңінен қамтылды.
Кездесу барысында студенттер жаңа Конституция жобасына және алдағы референдумға қызығушылық танытып, 15-наурызда дауыс беруге қатысатындарын айтты.



