Новости
Ұлытауда кеншілерге Жаңа Конституция жобасы таныстырылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалицияның Ұлытау өңірлік филиалы кеншілермен кездесті.
Оңтүстік Жезқазған кенішінің қызметкерлерімен кездесуге спикер ретінде өңірлік коалиция мүшелері — Оразалы Бақырбаев, Жұлдыз Есмурзина және Мереке Мырзабекова қатысты.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер, негізгі ерекшеліктер туралы толық әрі түсінікті ақпарат берілді.



