Новости

Аудандық коалиция мүшелері Жұманов Думан Айтбекұлы, Үмбетов Шаяхмет Сейдахметұлы, Байболов Темірбек Байболұлы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» БПҰ мүшелерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында жиын өткізді.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. БПҰ мүшелері ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуына оң әсер ететініне сенім білдіріп, жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button