Новости
Конституциялық реформалар: Жаңаарқа тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары

Жаңаарқа ауданы тұрғындарына Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі өзгерістері мен маңызын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы туралы мәлімет беріліп, арнайы дайындалған үнпарақтар таратылды. Бұл жұмыстар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы маңызды саяси өзгерістер туралы ақпараттандыруға бағытталған.



