Новости
Алғабаста жаңартылған Конституцияның маңызы талқыланды

Алғабас ауылдық округінде «Жаңартылған Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында қатысушылар еліміздегі конституциялық реформалардың маңызы туралы ой бөлісіп, қоғамдағы әділеттілік, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтары жөнінде пікір алмасты.
Іс-шарада жаңартылған Конституцияның ел дамуына қосар үлесі мен әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымының маңызы ерекше атап өтілді.



