Новости
Ұлытау облысында референдум күні 7 инватакси қызмет көрсетуде

Ұлытау облысында республикалық референдум күні мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасау мақсатында 7 инватакси қызмет көрсетуде. Арнайы көліктер тұрғындарды үйлерінен референдум учаскелеріне жеткізіп, дауыс беруге мүмкіндік жасап отыр.
Инватакси қызметі жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолайлы жағдай жасап, олардың азаматтық құқықтарын жүзеге асыруына көмектеседі. Қызметті пайдаланған тұрғындар өз учаскелеріне кедергісіз барып, референдумға қатысуда.
Бұл бастама барлық азаматтың маңызды саяси науқанға тең дәрежеде қатысуына жағдай жасап, қоғамдағы инклюзивтілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.



