Новости
Жезқазған қаласында Аналар кеңесінің кезекті жиналысы өтіп, онда өткен республикалық референдум қорытындылары талқыланды.

Жиын барысында кеңес мүшелері қала тұрғындарының белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін атап өтті.
Кездесуде референдум барысында жүргізілген жұмыстарға баға беріліп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың маңызы сөз болды. Аналар кеңесінің мүшелері мұндай маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларда тұрғындардың белсенді қатысуы елдің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Жиын барысында сондай-ақ алдағы уақытта қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жастар тәрбиесіне қатысты бірқатар мәселелер де қарастырылды. Кеңес мүшелері ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын жеткізді.



