Новости

«BIR TOLQYNDA» КЕЗДЕСУІ ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСТАРЫН БІР АЛАҢДА БІРІКТІРДІ

Қызылордада «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты «BIR TOLQYNDA» диалогтық алаңында 300-ге жуық жастық басын қосты. Еркін форматта өткен кездесуге «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты төрағасы Ақерке Ескандерова, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукен, партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов, сонымен қатар облысқа қарасты «Жастар Рухы» жастар қанаты аудандық және қалалық бөлімшелерінің жетекшілері, белсенді жастар, қоғам белсенділері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жастардың қоғамдағы рөлі, кәсіби даму, медиа, азаматтық ұстаным және заманауи көзқарастар төңірегінде ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар спикерлерге өз сауалдарын қойып, еркін форматта ой бөлісті.

Диалог алаңында сөз алған «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты төрағасы Ақерке Ескандерова жастар саясатының бүгінгі бағыты мен ұйымның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

«Жастар – елдің ертеңі ғана емес, бүгінгі қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан олардың бастамасына қолдау білдіру, азаматтық белсенділігін арттыру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу – біздің басты міндетіміз. «Жастар Рухы» осы бағытта жастардың білім алуына, кәсіби қалыптасуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасап келеді. Біз жастардың үнін еститін, олардың пікірі ескерілетін ашық қоғам қалыптастыруға мүдделіміз», – деді ол.

Кездесуде сөз алған «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукен жастардың қоғамдағы орны мен азаматтық жауапкершілігіне тоқталды.

«Қай кезеңде де елдің болашағын айқындайтын – жастар. Бүгінгі буын тек заман ағымына бейімделіп қана қоймай, қоғамға пайдасын тигізетін, елдік мүддені түсінетін деңгейде қалыптасуы қажет. Қазіргі жастардың артықшылығы – еркін ойлай алады, ізденеді, пікірін ашық айтады. Ең бастысы, сол мүмкіндікті дұрыс бағытқа жұмсап, білім мен еңбекті басты құндылық ретінде ұстана білу керек. Себебі мемлекет дамуы – саналы, жауапкершілігі жоғары жастардың қолында»», – деді Есен Елукен.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай жастардың кәсіби дамуы мен оларды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен білімді, білікті әрі жауапкершілігі жоғары жастармен өлшенеді. Сондықтан бүгінгі таңда жастарға сапалы білім берумен қатар, олардың еңбек нарығында өз орнын табуына, кәсіби тұрғыда қалыптасуына және бастамаларын жүзеге асыруына нақты қолдау көрсету маңызды. Осы бағытта партия тарапынан жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және олардың әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Себебі елдің ертеңі – өз ісіне адал, кәсіби деңгейі жоғары жастардың қолында, – деді ол.

Шара барысында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты төрағасы Ақерке Ескандерова белсенді жастарды Алғыс хатпен марапаттап, бірқатар жасқа «»Жастар Рухы» ЖҚ- ның арнайы төсбелгісін табыстады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button