Новости

Жезқазғанда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындармен құқықтық кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау саласының мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы және азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

 

Жиын соңында тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер қоғамда заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button