Новости

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы ойынында гол соқты

Бұл – 17 жастағы футбольшының лондондық ұжым жейдесінде соққан алғашқы голы.

 

Дастан Сатпаевке «Челси» сапындағы алғашқы голын соғу үшін бары-жоғы 6 минут жеткілікті болды.

 

Бұл «көктердің» Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесуінде болды. Сатпаев матчты негізгі құрамда бастап, кездесудің 7-минутында қақпашымен жеке-дара шығып, мүмкіндігін сәтті пайдаланып, есеп ашты.

 

Қазіргі уақытта алматылық «Қайрат» клубының түлегі ағылшындық грандпен бірге маусымашар турнеге қатысып жатыр.

 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының жас футболшысы «Челси» қатарына бір айдан аз уақыт бұрын қосылып, бірден жаңа командасымен бірге маусымалды турнеге аттанған болатын. Лондондық клуб Австралия мен Азияда бес кездесу өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button