Новости
«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда еріктілер тал суаруға шықты

Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еріктілердің қатысуымен тал-теректерді суару жұмыстары өтті.
Іс-шара барысында еріктілер қала аумағындағы жас көшеттерді суарып, олардың жайқалып өсуіне өз үлестерін қосты.
Жасыл желекті күтіп-баптау – қаланың көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды іс.
Еріктілердің белсенді қатысуы – туған қалаға деген жанашырлықтың жарқын үлгісі. Осындай игі бастамалар арқылы Жезқазғанды таза, жасыл әрі жайлы қалаға айналдыруға барша тұрғынды үлес қосуға шақырамыз.



