Новости

«Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды»

Қарағанды қаласындағы Орталық саябақта орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» зейнеткерлермен кездесу өтті.

 

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Увайс Джанаев, Виталий Хмелевский және Иван Скородиевский қатысты.

 

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау, аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсарту, денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі және олардың қоғам өміріне белсенді араласуы мәселелерін талқылады.

 

— Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен қоғамға қосқан үлесі ерекше құрметке лайық. Зейнет жасындағы азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерін назарға алу қажет, – деді Увайс Джанаев.

 

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Басқосуға 80-ге жуық адам қатысты.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Б. Қ. Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button