BasNewsОбществоПолитикаЭкономика
Trending

Адам капиталы – жаңа Конституциядағы басымдық және Ұлытау жастарының мүмкіндігі

Қазіргі кезеңде кез келген өңірдің даму деңгейі оның табиғи ресурстарымен ғана емес, білімді, білікті және бәсекеге қабілетті азаматтарымен де өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында білім, ғылым, инновация және адам капиталын дамытуға ерекше мән берілуі маңызды.

Ұлытау облысы үшін бұл бағыттың стратегиялық маңызы бар. Өңір экономикасының негізгі салалары өнеркәсіп пен өндіріс болғандықтан, еңбек нарығында техникалық мамандарға, инженерлерге, IT саласының қызметкерлеріне және кәсіби жұмысшы кадрларға сұраныс жоғары.

Облыстың 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарында білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған нақты міндеттер қарастырылған. Атап айтқанда, 2030 жылға дейін 17 мектепті жаңғырту, Жезқазған қаласында 1200 орындық BINOM мектебін пайдалануға беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қолжетімділігін арттыру жоспарланған.

Мұндай бастамалар жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту маңызды. Жастардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруы, кәсіби бағдар беру жұмыстары және техникалық мамандықтардың беделін арттыру өңірдің кадрлық әлеуетін күшейтеді.

Жаңа Конституцияда білім мен ғылымның құндылық ретінде танылуы – жас ұрпақтың болашағына жасалған маңызды бағдар. Ал Ұлытау облысында осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану өңірдің тұрақты дамуына және жастардың туған жерінде кәсіби тұрғыдан қалыптасуына жол ашады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button