«Уханға көмекке барған дәрігер «Қара жорға» билеп берді». Әлеуметтік желіде осындай атаумен видео тарады.
Қытайдың Шыңжан аймағынан коронавирус ошағы Ухань қаласына көмекке барған қазақ дәрігері тұрғындардың көңілін аулап, «Қара жорға» биін билеп берген. Оның бұл әрекетін біреулер видеоға түсіріп алып, желіде таратуда. Дәрігердің қылығын біреулер даттап, енді біреулер жақтап жатыр.



