BasNewsЖаңалықтар

Атырауда полицейлер күдіктіні азаптады деген айыппен ұсталды

Полицейлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Ақ Жайық» порталына сілтеме жасап.

Атырау облысында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Жылыой аудандық полиция бөлімінің екі қызметкерін азаптау күдігімен ұстады. 26 жастағы екі полицей ұрлық жасады деген күдікке ілінген Құлсары қаласының тұрғынынан мойындауды азаптау арқылы алған болып шықты. Соққыға жығылған Құлсары тұрғыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданды. 24 маусымда екі қызметкер ұсталды.

«Оларға қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша – 146-бап 1-тармағының 2-бөлігі (адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған азаптау) және 362-бап 4-тармағының 1,3-бөліктері бойынша  (күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану», – хабарлады облыстық полиция департаменттегілер.

Атырау облысының полиция департаменті өз қызметкерлерін ұстау фактісін растады, бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Ұсталған полиция қызметкерлері Атырау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button