BasNewsЖаңалықтар

Елордада аттракциондар жабылады

Эпидемиологиялық жағдайдың салдарынан елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта өтетін болды, ал қалған бөлігі өткізілмейді, деп хабарлайды  Basnews.kz  тілшсі.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес жабық орындар мен концерт залдарындағы іс-шараларға тыйым салынған. Сондай-ақ ашық ауадағы аттракционның барлық түрінің жұмысына тыйым салынады.

Толымдылығы 20%-дан аспайтын театр жұмысына, сондай-ақ ПТР тесті бар көшпелі концерт өткізуге рұқсат беріледі. Ashyq жобасы негізінде карантин шараларын қатаң түрде сақтай отырып, ашық ауада өтетін іс-шараларға рұқсат етіледі. Мысалы, 6 шілде күні «МузАрт» онлайн концерті жоспарланған. Онлайн-трансляция бойынша барлық ақпарат қалалық Мәдениет басқармасының Instagram желісіндегі @ns.madeniet парақшасында жарияланады.

«Елорда күнін мерекелеу әлеуметтік жобаларға арналады және тек әлеуметтік сипатта болады. Нақтырақ айтқанда халықтың әлеуметтік осал топтары арасында кезекте тұрғандарға баспана кілтін табыстау, құрылысы ұзаққа созылған 20-ға жуық үйді аяқтау, Өндіріс және Көктал аудандарындағы ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беру іс-шарасы өтеді. Сонымен қатар, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылады, 50-ден астам ауланың, 10-ға жуық қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады», – деп хабарлады әкімдіктегілер.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button