BasNewsЖаңалықтар

Ел автожолдарында ауыр салмақты көліктер үшін уақытша шектеу енгізілді

Қазақстан автожолдарымен ауыр салмақты көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Жазғы уақытта ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер жылда енгізіледі», – деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Осылайша, еліміздің солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды қаласы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер сағат 11:00 – 21:00 аралығында болады.

Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, сағат 10:00-нан 22:00-ге дейін сақталады», – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінде.

Аталған шектеулердің қатысы жоқ: халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button