BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда пандемия басталғаннан бері бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 3 031 жаңа жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл пандемия басталғаннан бері бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бұл республикада коронавирустың неғұрлым жұқпалы штамы «дельтаның» тарауымен байланысты.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 436 962-ге жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 799,
- Алматы қаласында – 396,
- Шымкент қаласында – 161,
- Ақмола облысында – 130,
- Ақтөбе облысында – 69,
- Алматы облысында – 92,
- Атырау облысында – 149,
- Шығыс Қазақстан облысында – 66,
- Жамбыл облысында – 57,
- Батыс Қазақстан облысында – 186,
- Қарағанды облысында – 499,
- Қостанай облысында – 54,
- Қызылорда облысында – 33,
- Маңғыстау облысында – 196,
- Павлодар облысында – 87,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 12,
- Түркістан облысында – 45.



