Пациенті қайтыс болған алматылық пластикалық хирург сотталды

Алматылық пластикалық хирур Дмитрий Писаревқа қатысты сот шешімі шықты. Ол кеудені тартуға жасалған отадан кейін пациенттің өліміне себепкер болды деп айыпталған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«2021 жылы 8 шілдедегі шешімге сәйкес Дмитрий Писарев Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылады. Сот қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп тауып, мерзімнің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатады. Ешқайда шықпау туралы қолхат жойылсын», – деп мәлімдеді сот.
Үкімге сай Дмитрий Писарев қайтыс болған Лаура Ізбасарованың отбасына 8 миллион теңге өтемақы төлеуі қажет.
Іс Алматы қаласы Бостандық сотының №2 аудандық сотында қаралды. Процесс онлайн-режимінде өткен.
Дмитрий Писаревті сот Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер» бойынша кінәлі деп тапқан.


