BasNewsЖаңалықтар

Ұлытау ауданында 40 мың гектар жер өрттенді

Ұлытау ауданында дала өрті толығымен жойылды. Жалын 40 мың гектарға жуық жерді шарпыды,  деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ұлытау ауданы бойынша барлық өрттер толығымен жойылды. Өрттің ең үлкен аумағы 2 ауылдық округ – Жангелді және Ақтас аумағында болды. 28000 га алаңда құрғақ шөп өртенді, жалын 7 шілде күні 18:10-да ауыздықталып, 8 шілдеде 21:00-де толықтай өшірілді.

Шеңбер ауылдық округінде, Қорғасын ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде 4 шілде күні сағат 19:20-да 4700 га алаңда құрғақ шөптің жануы тіркелген. Өрт 7 шілдеде 17:20-да ауыздықталып, 8 шілде 21:00-де жойылды.

Сол ауылдық округте, бірақ Қорғасын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде 3500 га жерді алып жатқан өрт 8 шілде 2100-де сөндірілді.

Ұлытау ауданының тағы бір ауылдық округі дала өрттерінен зардап шекті. Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан батысқа қарай 70 км жерде 3600 га алаңда құрғақ шөп өртенді, өрт 8 шілде 21:00-де жойылды.

Өртті сөндіруге барлығы 540 адам мен 70 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button