BasNewsЖаңалықтар
Коронавирус және пневмония: тағы 37 адам қайтыс болды

10 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 37 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
12 шілдедегі мәлімет бойынша, 41 980 адам коронавирус инфекциясынан (40 545 КВИ+ және 1 435 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 13 568 пациент стационарда,
- 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 815 адамның жағдайы ауыр,
- 189 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 126 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.


