BasNewsЖаңалықтар

Шетелден келген қазақстандықтар үш күнге карантинге жатқызылады

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері шетелден келген қазақстандықтардың жағдайы не болатынын айтты, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жаңа қаулыда шетелден келген қазақстандықтар мен елімізде тұруға ықтияр хаты бар адамдар Қазақстан Республикасында COVID-19-қа қарсы вакцина алғанын растайтын құжаты мен анықтама қағазы болмаған жағдайда карантиндік стационарда 3 тәулікке дейін оқшауланып, зертханадан ПТР-тест нәтижесі шыққанға дейін ұсталатындығы айтылған.

COVID-19 зертханалық зерттеуге арналған материалдарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлері алады, – делінген ресми құжатта.

COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін, диагноз расталмағандарға COVID-19 ауруының белгілері түсіндіріліп, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес, қағазға өол қойдыртып алынады.

Ал COVID-19 зертханалық анализі диагнозы расталғандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, – дейді дәрігер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button