BasNewsЖаңалықтар

Алматыдағы қорымнан сақ жауынгерінің сүйегі мен алтын бұйымдар табылды

Алматыда археологиялық қазба-жұмыстары кезінде сақ жауынгерінің қабірі табылды. Сарбаз 3 метрдан астам тереңдікке жерленген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Сақ дәуірі жауынгерінің жерленген орны табылғаны жайлы қала әкімдігі хабарлады. Мәліметке сүйенсек, қабір біздің заманымызға дейінгі V-II ғасырларға тиесілі.

Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықованың айтуынша, қазба жұмыстары кезінде алтынмен безендірілген қылыштың сынықтары, сондай-ақ аң бейнесіндегі суреттері бар алтыннан жасалған киімге арналған кірістірмелер мен күміс қорытпасынан жасалған киімдер табылған.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Қазба жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Бірақ мұндай құнды олжалар сирек кездеседі. Соңғы рет 2014 жылы киімнің алтын сынықтары табылған еді», — дейді Ләззат Сағындықова.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жартылай бұзылмаған қабірдегі жауынгер 3 метрден астам тереңдікте орналасқан ағаш табытта болған.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button