BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда қыз алып қашқандар қатаң жазаға тартылуы мүмкін

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстанда қыз алып қашқандарға жаза күшейтілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды basnews.kz.
Журналистер бұған дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қыз алып қашқандарға жазаны қатаңдатуды ұсынғанын атап өтті. БАҚ өкілдері Ішкі істер министрлігінен «Осы бағытта қандай да бір жұмыстар атқарылып жатыр ма?» деп сұрады.

«Бүгінде бізде «Заңсыз бас бостандығынан айыру» деген бап бар. Әдетте, бұл салт-дәстүрлік іс-шара екенін білеміз және олар өзара келісім бойынша үйленеді. Мен қазір статистиканы атай алмаймын, бірақ бізде осы бап бойынша қозғалған істер бар», – деп жауап берді Игорь Лепеха.

Ол омбудсменнің бастамасынан хабардар екенін айтты.

«Бұл бастама жайында білемін, егер ол қазір Мәжілісте талқыланса, біз оған қуана қатысамыз, мәселе өзекті, халықаралық ұйымдардың барлық баяндамаларында бұл мәселе бізге шағым ретінде беріледі. Олар салт-дәстүрді біле бермейді, мұндай дүниелереді түсінбейді. Бәлкім, менталитетті ескере отырып, бұл мәселенің кей тұстарын түзетуге болар, өйткені дәстүрді жамылып, шынымен азаматтардың конституциялық құқығын бұзады», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

4 тамызда Қазақстанда қыз алып қашқандарға жазаны күшейту жоспарланғаны белгілі болды.

Back to top button