Шемонаиха ауданында Президент Жолдауы жастардың қатысуымен талқыланды

Шемонаиха ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесуге облыстың жастар ресурстық орталықтарының директорлары, Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері және аудан жастары қатысты.
Кездесу барысында Данияр Жүнісов пен Еркебұлан Балтабеков сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар мен міндеттерге тоқталды.
Сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жастарға арналған мүмкіндіктер, мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері және өңірде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.



