Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА DIGITAL QAZAQSTAN DAY ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай облыстық цифрлық технологиялар басқармасының ұйымдастыруымен Digital Qazaqstan Day іс-шарасы өтті.

 

Мерекелік жиынның мақсаты – өңірдегі цифрлық экожүйені дамыту, IT саласы мамандарының еңбегін дәріптеу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін таныстыру және заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен насихаттау.

Іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Әділхан Мұхамедияров, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сабит Ибадулла, құқық қорғау органдарының цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласына жауапты қызметкерлері, IT мамандары мен сала өкілдері қатысты.

 

Жиында облыс әкімі аппаратының басшысы құттықтау сөз сөйлеп, цифрлық трансформацияның ел дамуындағы стратегиялық маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз озық әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру ісіне серпін бердік», – деп атап өтті.

Бүгінде цифрландыру – ел дамуының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Осы бағыттағы жұмыстар аймағымызда да қарқынды жүзеге асырылуда. Өңірімізде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, салаларға заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте ақпараттық технологиялар саласы мамандарының кәсіби біліктілігі мен еңбегі айрықша маңызға ие. Алдағы уақытта да цифрлық әлеуетімізді арттырып, жаңа технологияларды өңір экономикасы мен қоғамдық өмірдің барлық саласына тиімді енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Әділхан Мерекеұлы.

 

Сонымен қатар, өңірдің цифрлық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар маман кәсіби жетістіктері мен жоғары жауапкершілігі үшін облыс әкімінің арнайы «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

 

Сондай-ақ, қатысушылар назарына Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан цифрландыру жобалары таныстырылып, олардың нәтижелері мен тиімділігі көрсетілді. Жобалар арқылы өңірде енгізіліп жатқан заманауи технологиялық шешімдер мен цифрлық мүмкіндіктер кеңінен қамтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button