Заң мен тәртіп: Оқушыларға интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысының алдын алу түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысының полицейлері жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.
Атап айтқанда полиция қызметкерлері Байзақ Момынбаев атындағы № 278 ақпараттық технология мектеп-лицейінің оқушылары мен ұжымына интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтардың арбауына түспеу жолдары, есірткі қылмыстарына кездейсоқ немесе қасақана тартылудың белгілері, күмәнді ұсыныстарды ерте кезеңде анықтау және олардың зардаптары туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар оқушыларға құқық бұзушылыққа итермелейтін әрекеттерден сақтану және кез келген күмәнді жағдай туралы дер кезінде хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды құқықтық түсіндіру жұмыстарына бейжай қарамай, полиция қызметкерлерінің ескертулеріне назар аударуға және жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Заңды білу – қауіпсіздіктің бастауы. Сақтық – қылмыстың алдын алудың маңызды жолы!



