Қарағанды ардагерлерімен ел дамуының өзекті мәселелері талқыланды

Қарағанды қаласында «Әділет» партиясы өкілдерінің қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Басқосуға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидат Бекзат Алтынбеков, Айжан Киясова, Зара Шалабаева, Дархан Тілемісов қатысты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, әлеуметтік саясат, аға буын өкілдерін қолдау, ұрпақтар сабақтастығы және қоғамдағы ардагерлердің орны жөнінде әңгіме өрбіді.
Ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кандидаттар олардың пікірлерін тыңдап, тәжірибелі буынның қоғамдық өмірдегі белсенділігінің маңызын атап өтті.
– Ардагерлер – қоғамның алтын қоры. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ел дамуына қосқан үлесі кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Сондықтан аға буын өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, әлеуметтік мәселелеріне назар аудару маңызды, – деді Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.



