Жаңалықтар

Отбасыларды қолдау мен әлеуметтік қызмет сапасы – маңызды міндет

Қарағанды қаласындағы Отбасын қолдау және әлеуметтік қызметтер орталығында мекеменің еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Айжан Киясова, Увайс Джанаев, Жұлдыз Сағымбаева, Виталий Хмелевский және Иван Скородиевский қатысты.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер, отбасыларға көрсетілетін қолдау түрлері, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағыттары сөз болды.

Орталық мамандары күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелер мен қызмет алушылардың қажеттіліктеріне қатысты пікірлерін білдірді. Кандидаттар әлеуметтік сала қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетудің және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдірудің маңызын атап өтті.

«Отбасын қолдау – қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды бағыт. Әрбір отбасының қажеттілігіне назар аударып, қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсету қажет. Бұл ретте әлеуметтік сала мамандарының еңбегі ерекше», – деді кандидат Жұлдыз Сағымбаева.

Кездесуге 50-ге жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button